Бүгін – ветеринария қызметкерлерінің күні. Былтыр 10 шілдеде ҚР заңы қабылданып, осы сала мамандарының төл мерекесі болып бекітілді. Биыл екінші рет тойланып отыр. Айта кетейік, Жетісу облысында 1000-нан аса ветеринар бар. Бүгінде олар қоғамдағы ұлттық қауіпсіздіктің кепіліне айналды. Өңірдегі мамандарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.