Талдықорғанда “Мерейлі отбасы – 2025” ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл байқауға 22 отбасы қатысуға өтініш білдіріп, олардың ішінен 12-сі ақтық сынға жолдама алды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Болатхановтар отбасы жеңіп алып, Талдықорған қаласының атынан облыстық кезеңге қатысу құқығын иеленді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.