Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Жиын барысында Бейбіт Өксікбайұлы аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Алакөл өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы өзекті мәселелерді қозғады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.