Тамыздың аяғында Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарында табиғи газ қолжетімді болмақ. “Талдықорған-Үшарал” магистральды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазір 6 автоматты газ тарату станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жобаның іске асыру барысын Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілдері және «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев көріп, жұмыстарды пысықтап қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.