Өңірімізде ұзақ жылдан бері жөндеу көрмеген жолдар жаңартылып жатыр. Биыл бұл жұмыстарды атқаруға республикалық және жергілікті бюджеттен 23,5 млрд теңге бөлініпті. Қазір облыстық маңызы бар Қабанбай-Тоқжайлау, Қабанбай-Лепсі бағытындағы автомобиль жолдарында асфальт жамылғыларын кесу, су өткізу құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.