Жетісу облысында астық ору науқаны жалғасуда. Бүгінде масақты дәнді дақылдардың 45,4 пайызы орылды. Сала мамандарының айтуынша жиналған 158 мың тонна астықтың 32 мың тоннасы мал азығына сатылса, қалған 126 мың тоннасы қоймаларға құйылды. Орақтарын сайлап, техникаларын майлап қызу науқанға кіріскен шаруалардың бірімен әріптесім Еркебұлан Жақыбай тілдесіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.