Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барысында мәлімдеді. Бүгін Жетісу университетінде Президент Жолдауы тікелей эфирде тыңдалды. Мемлекет басшысы ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, бірқатар маңызды бастамаларды жария етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.