Талдықорғанда дәстүрлі Бикен фест – 3 халықаралық театр фестивалі шымылдығын ашты. Шара қара шаңырақ Бикен Римованың 50 жылдық мерей тойы аясында ұйымдастырылды. Бұл фестивальға еліміздің іргелі театрларымен бірге Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген шығармашылық ұжымдар қатысып жатыр. Өнер бәйгесі 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кету керек үшінші рет қатарынан ұйымдастырылып жатқан ауқымды кешке Жетісу облысының әкімі қолдау білдіріп келеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.