Туризмді дамыту ел экономикасын ілгерлетудің тиімді жолдарының бірі. Бұл жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтқан. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Жетісу облысында туризм басқармасы құрылатын болады. Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 30-шы сессиясында бұл ұсыныс қолдау тауып, келер жылы толық жүзеге асатыны белгілі болды. Жиын барысында әлеуметтік мәселелер қаралып, қоғамдық қауіпсіздікке мән берілді. Жыл бойғы жұмыстың орындалуы талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.