Бүгін облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов спорт мекемелерінің директорларымен кездесті. Жиын барысында сала басшысы Ұлан Рысқұл баяндама жасап, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстарға тоқталды. Соңғы 8 ай қортындысы бойынша Жетісулық атлеттер түрлі деңгейде өткен жарыстардан 876 медаль еншілеген. Оның 322 алтын Сонымен бірге 8 халықаралық дәрежедегі және 53 спорт шебері дайындалды.Отырыста қысқы футбол манеждерінің жоқтығы, спорт базаларын кеңейту сияқты бірқатар түйткілді мәселелері көтерілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.