Елімізде әр қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбеккерлер күні болып бекітілген. Осы сала иелерінің төл мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев құттықтады. Жетісу облысының дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, өңірде ұйымдастырылған “Парыз” және “Еңбек жолы” байқауларының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.