Талдықорғандық жастар «Вандализмге жол жоқ» акциясын өткізді. Туған жердің табиғаты мен тарихына деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Жастар рухы» Жастар қанатының бастамасымен қолға алынған акция өңірімізде жалғасын табуда. Бүгін еріктілер “Қызыл тас- Тасбақа” шатқалындағы тастарға салынған суреттер мен жазбаларды жою жұмыстарын жүргізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.