Өңірде «Үздік ауыл мектебі – 2025» атты облыстық байқауы өтті. Сайысқа аудандық және қалалық деңгейдегі байқауларда топ жарған 8 үздік ауылдық мектеп қатысты. Жетісу халқының басым бөлігі ауылды жерде тұратынын ескерсек мұндай сайыстар елді-мекендердегі білім сапасын арттырып, бәсекелстік орта қалыптастырады дейді ұйымдастырушылар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.