Ауа райының күрт суытуына байланысты Жетісу облысындағы бірқатар әлеуметтік нысан жылуға қосылды. Сондай-ақ, Алакөл және Панфилов аудандарында жылу мерзімінен бұрын берілді. Мамандардың мәліметінше, өңірдегі 23 қазандық жылыту таратуға дайын. Көпқабатты тұрғын үйлерге 4-15 қазан аралығында кезең-кезеңімен берілетін болады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.