Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында қазақ күресінен өткен «Жетісу Барысы – 2025» облыстық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл сайыс «Қазақстан Барысы» республикалық додасына жолдама беретін іріктеу кезеңі. Жетісу өңірінің ең мықты балуандары бозкілемде бақ сынап, өз аудандарының намысын қорғады. Ақпаратты ары қарай әріптесем Бақжан баяндайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.