Талдықорған қаласында газбен қамту және қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда. Қала бойынша 865 көппәтерлі тұрғын үй бар. соның ішінде 376 үй немесе 18 мыңнан астам пәтер табиғи газға, ал 140 үй 3800 пәтер сұйытылған газға қосылған.Сонымен қатар, 20 мыңнан аса жеке тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етілген. Арнайы топ блыс орталығындағы көгілдір отын пайдаланушыларды аралап, жедел профилактикалық ісшаралар ұйымдастырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.