Талдықорғанда Жетісу жерінің көрнекті ақыны Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына арналған «Дүбірлі туған дүлдүлім» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Мерейтойлық дода Б. Римова атындағы драма театрында ұйымдастырылды. Айтысқа елдің әр өңірінен және Қырғыз Республикасынан келген 12 ақын қатысып, жыр додасының көркін қыздырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






