Панфилов ауданында соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы айтарлықтай жаңартылды. Айта кетсек 18 жаңа медициналық нысан салынып, 3 орталыққа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңа құрылыстардың қатарында 7 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар. Бұл жобалар ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға сеп болып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






