Жаңа оқу жылы жетісулықтар үшін жарқын жаңалықтармен басталды. Алматы облысы аумағында 6 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Білім нысандары Іле,Қарасай,Ескелді және Панфилов аудандарында. Ең олжалысы – іргелі Іле ауданы. Барлығы 1800 орындық 3 мектеп ел игілігіне өтті. Педагогикалық ұжымдар, ата-аналар мен оқушылардың қуанышын облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов бөлісіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.