Халыққа есеп беру ол қалтқысыз жұмыс кепілі. Жетісу облысының әкімі Ақсу ауданына жұмыс сапарында жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда көп уақыттан бері жөндеу жұмыстары созылып, аяқталмай келген аудандық аурухана ғимаратының мәселесін ерекше назарға алды. Облыс басшысы бұл істі қатаң сынға алып, жауапты мердігер мен тиісті органдардың жұмысын жеделдетуді талап етті. Сонымен қатар Бейбіт Исабаев аудан экономикасының қазіргі жай-күйіне талдау жасап, алдағы басым бағыттары жайлы тапсырмалар берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






