2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен жалақы мөлшері 60 мың теңге болады. Оның қазіргі шамасы – 42500 теңге. Мұны ел Президенті ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында айтты. Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.