Жетісу облысы экономикасының негізгі драйвері аграрлық сала. Ауылшаруашылығы еңбеккерлерімен өндірілген өнімнің жалпы көлемі былтыр 3%-ға өссе, биыл өсім 5% болады деп күтілуде. Жыл басынан бері салаға 25 млрд.теңге инвестиция тартылды. Ал 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 94,4 млрд.теңгеге 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Облыс биылғы жылғы жетістіктерін қортындылап, дәстүрлі ауылшаруашылығы еңбеккерлі күнін өткізді. Шараға өңір басшысы Бейбіт Исабаев қатысып, еселі еңбегімен еленген қызметкерлерді марапаттады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






