Жетісу облысында газдандыру деңгейі 72 пайызға жетті. Бүгінгі күнге дейін 126 елді мекен газбен қамтылып, 500 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Оның ішінде өткен жылы 63 елді мекенге газ жеткізіліп, 107 мың адам қамтылды. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 302 шақырымды құрайтын, жалпы құны 124,8 млрд теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді. Аталған жоба өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, шалғай елді мекендерді тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






