Тұрғындар мәселесі – басты назарда. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келгендердің дені – тұрғын үй кезегі, денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер және білім грантына қатысты мәселелерін қозғады. Бірінші – баспана туралы сөз қозғаған азаматтарға өткен жылдың мамыр айынан бастап тұрғын үй бөлу функциясы «Отбасы банк» акционерлік қоғамға берілгені түсіндірілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезегіне тұру және үй алу тәртібі, жаңа талаптар егжей-тегжейлі баяндалды. Қабылдау барысында білім грантына тапсыру тәртібі де жан-жақты түсіндіріліп, талаптар мен мүмкіндіктер жөнінде нақты ақпарат берілді. Ал, медициналық тексеруден өтуге қатысты облыс әкімі тиісті облыстық басқарма басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе бақылауға алынып, заң аясында шешу жолдары қарастырылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






