Жетісу өңірінде құлан саны үш жарым мыңнан асты. Бұл ең алдымен «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі жануарларды қорғау режимінің күшеюімен байланысты. Жайылымның жеткілікті болуы да өз септігін тигізуде. Мамандардың мәліметінше, керқұланның мұндай ірі популяциясы біздің елімізде ғана емес, бүкіл өңірде де саусақпен санарлық қана.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






