Жетісу облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсіп, 2,5 трлн. теңгеге жетті. Ал 2025 жылды аймақ барлық саладағы өсім көрсеткішімен аяқтады. Бірақ босаңсуға болмайды. Өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен алқалы жиын өтті. Өткен жылға есеп беріліп, 2026 жылдың жұмыс стратегиясы пысықталды. Президент тапсырмаларын орындау, ауылшаруалығында өндірілетін өнім көлемін арттыру, инвестиция тарту, туризмді дамыту сынды міндеттемелер айқындалып, нақты бағыттар белгіленді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






