Әділетті және прогресивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін. Дәл осындай атаумен Жетісу университетінде студенттермен кездесу өтті. Онда Ата заңның жаңа жобасының мәні мен маңызы түсіндірілді. Спикерлердің айтуынша реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталады. Заң үстемдігі күшейіп, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігі артады. Жиын ашық диолог форматында өтті. Себебі жаңа ата заңды жастарға түсіндіру маңызды деп атап өтті парламент мәжілісінің депутаты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






