Қазіргі күні Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық шаралары басталды. Диқандар шаруашылық техникасын тексеріп, дәнді дақылдарды сараптап, тұқымға арналған дәрі-дәрмектерін түгендеуде. Өнімнің сапалы әрі мол түсуіне пестицидтердің де үлесі бар. Дегенмен, препараттардың құрамында химиялық компоненттер болғандықтан, қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және белгіленген мөлшерден аспау маңызды. Осыған байланысты дәрумендерді жеткізетін компания өкілдері жергілікті шаруалармен кездесу өткізіп, дұрыс пайдалану тәртібін түсіндіріп келеді. Осындай басқосулардың бірі Талдықорғанда өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






