“Жетісу” ерлер волейбол командасы Қазақстан Суперкубогының иегері! Финалда жерлестеріміз былтырғы ел чемпиондары Оралдың “Жайығын” 3:0 есебімен сан соқтырды. Осыған орай Жетісу облысының әкімі клуб өкілдерімен арнайы кездесті. Бейбіт Исабаев спортшыларға ерекше құрмет көрсетіп, жоғары нәтижелерімен құттықтады. Кіл мықтылар сынға түскен сайыста өңір намысын биік ұстағандары үшін жігіттерге алғысын білдірді. Айта кетейік, команданың денін Жетісу облысының спортшылары жасақтайды. Сонымен қатар ұжым сапында Абай және Павлодар облыстары мен Шымкенттен келген атлеттер де бар. Ресейден шақырылған екі легионер де жетісулық клубтың әлеуетін арттырып, жеңіске жетуіне өз үлестерін қосты. Жетісулық волейболшылар Қазақстан біріншілігінің ұлттық лигасында да көш бастап келеді. Қазір жерлестеріміз Наурыздың 11 күні Көкшетауда жалауы желбірейтін кезекті тур ойындарына дайындалып жатыр. Өңір басшысы спортшыларға алдағы бәсекеде сәттілік тілеп, ел чемпионы атануды тапсырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






