Жетісу облысында жаңа Конституция бойынша республикалық референдум аясында дауыс беру басталды. Таңғы сағат 7:00-де тұрғындар үшін дауыс беру учаскелері өз есігін айқара ашты. Талдықорған қаласында 68 учаске жұмыс істеп тұр. Оның 63-і негізгі болса, тағы 5-уі жабық учаскеде өтеді. Бақылаушылардың айтуынша, азаматтар өз пікірін білдіріп, мемлекет болашағына үлес қосу үшін азаматтық жауапкершіліктерін белсенді танытуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






