Талдықорғанда республикалық референдум аяқталды. Бұл саяси науқанда облыс орталығында 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 5-уі жабық мекемеде өтті. Шаһардағы 210 мыңнан аса халықтың 137 мыңға жуық тұрғын сайлауға қатысуға құқылы болды. Жалпы, бақылаушылар мәліметінше талдықорғандықтар жоғары белсенділік танытты. Тіпті, саяси шараға туған күн иелері де келіп қатысып, өз таңдауларын жасады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






