Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты. Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шықты. Мұнан соң еліміздің Әнұраны орындалып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның қорытындысын жариялады. Президент Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Конституция заңды күшіне 1 шілдеден бастап енеді. Ата Заңымыздағы өзгертулерге байланысты бір Палаталы Парламент яғни Құрылтай депутататарының сайлауы өтетін болды. Жиынды қортындылай келе Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін қоғам мен мәдениет саласының қайраткерлеріне, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партия белсенділеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен өңір әкімдері, олардың ішінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев ІІ дәрежелі Барыс орденімен наградталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






