Сарыарқа мен Жетісуды жалғаған. Астана – Талдықорған бағытында тікелей қатынайтын пойыз іске қосылды. Жаңа бағыттың ашылуына Мәжіліс депутаттары да мұрындық болған. Алғашқы рейсте Арқа төрінен Талдықорғанға 32 жолаушы келіп жетті. Тікелей теміржол қатынасының арқасында жолаушылар енді облыс орталығынан астанаға күн ара қатынай алатын мүмкіндік алып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






