Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды.
Бейбіт Исабаев:
➤ 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторға қол жеткізілгенін айтты.
✔️Өңірге 610 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артық.
➤ Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарын таныстырды.
✔️Ауыл шаруашылығы дақылдары, соның ішінде қант қызылшасы алқабы кеңейді. Ақсу және Көксу қант зауыттарының өндірістік қуатын 2 есеге арттырып, 950 мың тоннаға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
✔️2027 жылға дейін құны 94,4 миллиард теңге болатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, құс фабрикалары, мал бордақылау алаңдары, балық және жылыжай шаруашылықтары мен басқа да жобалар бар.
✔️Өнеркәсіп саласында соңғы үш жылда 29 жаңа нысан іске қосылып, 7 кәсіпорын кеңейтілді, соның нәтижесінде 1841 жұмыс орны ашылды.
➤ Инфрақұрылымды дамыту жайында мәлімет берді.
✔️Өңірді газдандыру деңгейі 67,2 пайызға жетті. «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры тартылып, 650 мыңнан астам тұрғыны бар 210 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді.
✔️Облыстың туризм саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жалғасуда.
✔️Алакөл, Балқаш жағалауларында туристік нысандарға баратын жолдар салынып, ауыз су, электр желісі, кәріз жүйелері тартылды. Жағалауларды бекіту шаралары қолға алынды.
✔️Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 шақырымдық жол жаңартылып жатыр.
✔️«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде үш экопарк салып, 121 мың ағаш егу көзделген.
Мемлекет басшысы:
📌Қытай Халық Республикасымен шекаралас «Достық» бекетіндегі және «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ Алакөл, Балқаш көлдері жағалауындағы демалыс орындарын, тау туризмін қарқынды түрде дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Aqorda






