Алакөл өткізу пункті былтыр іске қосылды. Кеден толық цифрландырылып, жүк көлігінің өту уақыты едәуір қысқарған. Бұл еліміздегі ірі көлік өткізу пунктінің бірі. Жыл сайын қытай елінен тасымалданатын жүктер осы аймақтан өтеді. Нысан бүгінде толық жаңарған. Бұрынғы кағазбастылық жоқ. Кезек реті де толық онлайн режимінде іске асырылуда. Осындай оң өзгеріс екі ел арасындағы туристер санының көбеюіне сеп болып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






