Талдықорғанда белгілі қоғам қайраткері, профессор Мұхтар Ғалиұлы Арынның туғанына 90 жыл толуына орай салтанатты еске алу кеші өтті. Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйіне жиналған қауым Жетісу руханиятының өркендеуіне зор үлес қосқан біртуар тұлғаны еске алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






