Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ерекше қажеттілігі бар балалардың құқығын қорғап қана қоймай, олардың тең қоғамда сапалы білім мен медициналық қызметті тегін алуға кепілдік береді. Мәселен 14 бабында ешкімді тегіне, әлеуметтік жағдайына қарап ешқандай кемсітуге болмайды делінген. Керісінше, елімізде ондай бүлдіршінге барлық жағдай жасап, инклюзиялық орта қалыптастыруға ерекше мән беріліп келеді. Жаркент қаласындағы Таным түзету-дамыту мектебі дәл осындай бағытты қолға алған орталықтардың бірі. Мұнда 250 бала мемлекеттік тапсырыспен түрлі бағытта қызмет алып келеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






