Бүгінгі студент – ертең жас маман. Қолына дипломын алған сәттен жаңа өмірге қадам басатын кәсіп иесі. Осы сәтте оған бағыт-бағдар беріп, тәжірбиемен бөлісіп, мотиватор бола білу алдыңғы буын парызы. Сондай аға буын қатарынан бүгін өңір басшысы Бейбіт Исабаев та табылды. Облыс әкімі алғаш рет Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің тәлімгерлерімен кездесіп, ашық сұхбат өткізді. Өмірден түйгенін жастарға айтып, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажыратуды қазіргі жаһандану заманындағы мысалдармен жеткізді. Студенттердің мәнді сұрақтарына мағыналы жауап берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






