Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қытай Халық Республикасының Алматыдағы жаңа Бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Биыл наурыз айында қызметіне кіріскен дипломатпен өткен кездесудің негізгі тақырыптары экономика, инвестиция және көлік-логистика салалары болды. Аймақ басшысы Жетісу облысының стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасқанын атап өтті. 563 шақырымға созылатын шекара бойында бес өткізу пункті жұмыс істейді. Оның екеуі теміржол, екеуі автомобиль, ал біреуі туристік бағыттағы нысан саналады..Қытай өңірдің басты инвестициялық серіктестерінің бірі. Қазіргі уақытта бірлескен 14 жоба жүзеге асырылуда, олардың жартысы биыл іске қосылмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






