«Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» дейді Шерхан Мұртаза. Бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілген күн. Кәсіби мереке қарсаңында облыстың ақпарат саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан БАҚ саласының өкілдері марапатталды. Президент тапсырмасымен жетісулық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






