Жетісу облысында егін орағы басталды. Биыл өңірде 173 мың гектар алқапқа дәнді дақыл егілген. Алғашқы нәтиже жаман емес. Диқандар әр гектардан 20-25 центнерден өнім аламыз деп отыр. Әр күнді тиімді пайдаланып жатқан шаруалар дақылды шашау шығармай жинап алуға білек сыбана кірісті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.





