Қаратал ауданында жергілікті тұрғындардың көкейтесті мәселелері біртіндеп шешілмек. Үштөбеде құрылысы ұзаққа созылған Төле би көшесінің жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады. Мұнан бөлек, әулиелер мекенінде тарихи мұражай ашылмақ. Бұл туралы аймақта ұйымдастырылған пресс-турда айтылды. Облыстағы журналисттер аумақты аралап, өңірдің әлеуетін көріп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.