Ер есімі – ел есінде. Бүгін облыс орталығында еңбек ардагері, белгілі қоғам қайраткері Жантайлақов Рамазан Әбілқасымұлына ескерткіш тақта орнатылды. Рамазан Әбілқасымұлы 1937 жылы бұрынғы Гвардия ауданына қарасты, Алтын-Емел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Семейдегі мал-дәрігерлік институтының комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. Саналы ғұмырын аймақтың мал шаруашылығын өркендетуге арнады
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.