Көксу ауданында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан облыстық чемпионат өтті. Алматы облысы мен Алматыдан үш жүзге жуық ұл-қыз бағын сынауға келді. Қатысушылардың арасында кәсіби деңгейге шыққандар да, спорттық жолын енді бастағандар да бар. Жеңімпаздар жеңіл атлетикадан Қазақстан Кубогіне жолдама алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.