Талдықорғандықтар үшін тағы бір тарту. «Қазмұнайгаз» және «Самұрық- Қазына» ұлттық компаниялары бірлесіп, өз қаражаттарына облыс орталығына заманауи спорт кешенін салып бермек. Мұндай тиімді келісімге облыс әкімі қос компания басшыларымен өзара іскерлік кездесуінде қол жеткізді.