Үй құстарына екпе салынып жатыр. Бұл шара Алматы облысы бойынша жүргізілуде. Маусымдық екпе салу жұмыстары Талдықорған маңындағы Мойнақ ауылында да жүргізілді. Үй шаруасындағы құстарға “Құс тұмауына қарсы” вакцина егілді. Ауыл тұрғындарының айтуынша мұндай сақтық шаралары қанаттылар мен адам өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызды. Жыл сайын барлық құс атаулыға салдырамыз, – дейді. Жалпы бұл вакцина барлығына бірдей салына бермейді. Ірі құс фабрикаларынан 20 шақырым радиустағы үй шаруаларына тегін бөлінеді екен.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.