Көксу ауданында мүгедек баласы бар ана үй кезегінен алынып тасталды. Мемлекет пәтер жалдап, күнін әзер көріп жүрген отбасының өз баспанасы бар деп шешім шығарған. Бір сорақысы Расулдың ата-анасы кезектен алынып тасталғанын тек екі жылдан кейін ғана біліп отыр. Әділдік іздеп бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Нәтиже жоқ. Шарасыз жанұя арнамызға хабарласып, биліктегілер жан-айқайын естісе дейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.