Қыстың қамы. Облыс жолдарында қысқы тайғаққа қарсы күтіп баптау жұмыстары басталды. Бұл шаруаға биыл 13 мердігер мекеме тартылған. Істің тиісті деңгейде атқаруылу барысын бүгін облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов көріп қайтты. Кербұлақ ауданында коммуналдық сала жауаптыларымен кездесіп, кемшін тұстарды саралады.