Ережесіз жекпе-жек шебері Ардақ Назаров Талдықорғандық жастармен жүздесті. Әлем кубогының иегері спорттық өмір жолымен бөлісіп, салиқалы әңгіме айтып. Ақыл-кеңесін берді. Жастарды адалдыққа, тәрбиелікке және тектілікке бет бұруға шақырды. Батыстың тәрбиесіне еліктеп емес, қазақтың салт-дәстүрімен, ата-баба салған сара жолды ұстануға шақырды. Дін мен саясатты меңгеруге кеңес берді. Өйткені бүгінгі заман, білекке емес, білімге сенетін заман екенін айтты. Жалпы, қалалық әкім аппаратының ұйымдастыруымен өткен кездесу соңында, жас мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Мереке қарсаңында алғыс хат табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.