Жаңа жыл күні тынымсыз жұмыс істейтін мамандар бар. Бірі – перзентханаларда ана мен балаға қарайтын ақ халатты абзал жандар. Акушерлер күшімен күніне қаншама сәби дүние келеді. Мәселен, Талдықорғандағы Алматы облыстық перениталды орталықтың босану бөлімінің акушері – Толғанай Әміренова жаңа жылды үйде емес, жұмыста қарсы алып жатыр. Өйткені оның басқа сала қызметкерлері сияқты күнтізбедегі мейрам күндері демалуға мүмкіндік жоқ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.